384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Махачкаланың теңіз сауда портында танкер жарылды

  • 78
  • UPD: 22:29, 11.06.2019
Махачкаланың теңіз сауда портында танкер жарылды

Белгілі болғандай көліктен мұнай өнімін құю кезінде газ-ауа қоспасы жарылған. Салдарынан 3 адам мерт болып, тағы үшеуі жарақат алды.

Олардың бірі ауыр халде жатыр. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, тағы бір жұмысшының тағдыры беймәлім. Порт капитанының жетекшілігімен құтқару-іздестіру операциясы басталып кетті. Жалпы төтенше жағдай кезінде жүк  кемесінде 12 адам болған. Мамандардың айтуынша, қазір теңізге мұнайдың төгілу қаупі жоқ. Ал оқиғаның егжей-тегжейін анықтау үшін тергеу ісі басталды.

Хабар 24 телеарнасы