382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия босқындарға қарсы күресті күшейтпек

  • 69
  • UPD: 13:15, 13.06.2019
Италия босқындарға қарсы күресті күшейтпек

 

Италия заңсыз келген босқындармен күресті күшейтпек. Ел билігі осыған бағытталған жаңа заң жобасын да қабылдады.

Жаңа заңға сәйкес, Жерорта теңізінде мигранттарды құтқару операциялары кезінде мемлекеттік құрылымдардың талаптарын орындаудан бас тартқан кеме капитандарына айыппұл салынады. Ол 10 мен 50 мың еуро аралығында болмақ. Ал ережені бірнеше қайтара бұзғандар кемелерінен айырылады. Өз кезегінде мұндай жаңашылдықтар БҰҰ Адам құқығы жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы тарапынан сынға ұшырап отыр.

Хабар 24 телеарнасы