384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еурокомиссия Британияның болашақ премьеріне үміт артпайды

  • 63
  • UPD: 14:53, 13.06.2019
Еурокомиссия Британияның болашақ премьеріне үміт артпайды

Ұлыбританияда жаңа премьер-министр тағайындалғанымен ол Еуроодақ пен Лондон арасындағы шиеленіске нүкте қоя алмайды.

Бұл туралы Брюссельдегі жиында Еурокомиссияның ресми өкілі Маргаритис Схинас мәлімдеді. Айта кетейік, Біріккен Карольдіктің басқарушы партиясы үш жыл бойы  Brexit мәселесін шеше алмаған соң, өздеріне жаңа басшы сайламақ. Лауазымға 10 кандидат бақ сынасады. Шілде айының соңында Даунинг-стриттегі үкімет басшысының кеңсесіне жаңа басшы жайғасатын болады.

Маргаритис Схинас, Еурокомиссия өкілі:

- Құжат дайын. Бұл Еурокомиссия және Еуроодаққа мүше елдердің барлығымен пікір алмасып, бектілген келіссөз. Сондықтан жаңа премьер Брекситтің шарттарын өзгерте алмайды. Бұл мәселені шеше қоюына да күмәніміз бар.

Хабар 24 телеарнасы