384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясындағы екі әуежайды дронмен шабуылдады

  • 161
Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясындағы екі әуежайды дронмен шабуылдады Корреспондент.net

Бүлікшілер Джизан мен Абха қаласындағы әуежайды нысанаға алған.

Шабуылдан қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы ақпар жоқ. Бірақ екі әуежай да уақытша жабылған. Корольдіктің қарулы күштері Абха қаласын шабуылдамақ болған тағы бір дронды атып түсіргенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Йемендегі хусит бүлікшілері өткен сәрсенбі күні де Абха әужайын дронмен атқылап, 26 адам жарақат алған. Сарапшылардың айтуынша, Парсы шығанағындағы араб елдері мен Иран арасындағы қатынас шиеленіскелі бері хуситтердің Сауд Арабиясын шабуылдауы жиілеген.

Хабар 24 телеарнасы