383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия Еуроодақтың санкциясына ұшырауы мүмкін

  • 172
Түркия Еуроодақтың санкциясына ұшырауы мүмкін emigranto.ru

Еуроодақ Түркияға қарсы санкция салуы мүмкін.

Грекияның Премьер-министрі Алексис ЦИпрас осындай мәлімдеме жасады. Үкімет басшысының олай деп сес көрсетуіне Кипрдің экономикалық аймағында Анкараның геологиялық барлау жұмысын жүргізуі себеп болған. Осылайша, Ципрас Түркияны Грекия және Кипрдің егемендік құқығын бұзды деп айып тағып отыр. Бұған дейін ресми Анкара Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде көмірсутегі кенішін барлау жұмысын бастағанын жариялады. Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавошоглу аталған жұмыстар халықаралық заңнамаға сәйкес жүргізіліп жатқанын айтады.

Хабар 24 телеарнасы