384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балқаштан шыққан жерлесіміз Францияны тәтті өніммен таңдандырып отыр

  • 174
  • UPD: 08:53, 19.06.2019

Балқаш жағасындағы Бұрыбайтал елді мекенінің тумасы Францияның Лион қаласында жергілікті жұртты таңдай қақтырды.

Жерлесіміз Айя Ройе үйінде пірәндік жасап, шағын кәсібінен нәсіп тауып келеді. Енді ол шайхана ашуды жоспарлап  жүр. 

Айя Ройе Лион қаласының шетіндегі ауқатты ауданда тұрады. Оның үш баласы бар. Жұбайы энергетика саласының белді маманы. Жерлесіміздің осы кәсіппен айналысып жүргеніне екі жыл болды. Айя пірәндіктерді пісіріп ғана қоймай, оны өрнектеп жәрмеңкелерге өткізеді. Сұраныс жоғары. Аптасына өнімінің бес жүзге дейін қорабы сатылады екен.

Айя Ройе, кәсіпкер:

- Пірәндіктің дәмі балдай, жұпар иіс аңқып қана қоймай өте әдемі болуы тиіс. Бұл  жерде бұның баламасы жоқ. Бәріне өте ұнайды. Әсіресе балаларға, олар менімен бірге өрнек салады. Шеберлік сыныптарын үйімде жиі өткізіп тұрамын.

Жерлесіміз  жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істейді. Коммерция саласының жоғарғы мектебін бітіргенімен, Франция ережелері бойынша наубайхана ашуға бұл білімі жеткіліксіз.

Айя Ройе, кәсіпкер:

Францияда кәсіпорын, әсіресе наубайхананы ашу - өте ұзақ әрі ауыр іс. Көптеген құжат жинау қажет. Ал ең бастысы, тиісті білімің болуы керек, онсыз түк істей алмайсың.

Не де болса Айя алған бетінен қайтпақ емес. Шағын кәсібінен түсетін табысы Франциядағы орташа жалақыдан асса да, ол кондитерге оқығысы келіп жүр. Диплом алғаннан кейін Лион қаласында өрнектелген пірәндіктер сататын тұңғыш шайхана ашуды көздеп отыр.

Авторлары: Әлия Сыздықова, Бекхан Тепсаев

Хабар 24 телеарнасы