383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда тасқыннан мерт болғандардың саны артты

  • 163
Қытайда тасқыннан мерт болғандардың саны артты Земля - Хроники жизни

Қытай тұрғындарын есеңгіреткен су тасқыны басылар емес.

Табиғат апатынан мерт болғандардың саны 61-ке жетті. Қазір елдің орталығы мен оңтүстік аймағы топан су астында қалды. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, көше бойында тұрған көліктер мен ғимараттарды лай көшкіні басқан. Толассыз жауған жауыннан мыңдаған гектар жер телімі жарамсыз күйге айналды. Құтқарушылар қауіпті аймақтардан 350 мыңға жуық тұрғынды эвакуациялап үлгерді. Мамандар табиғат апатынан келген шығын көлемі 13 млрд юаньнан асатынын айтады.

Хабар 24 телеарнасы