389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда жолаушылар мінген автобус шатқалдан құлап кетті

  • 199
Үндістанда жолаушылар мінген автобус шатқалдан құлап кетті

Үндістанның Джаркханд штатында жолаушыға лық толы автобус шатқалдан құлап түсті.

Оқиғадан 6 адам мерт болды. Тағы 39 жолаушы түрлі жарақат алды. Болжам бойынша жүргізуші темір тұлпардың тізгінін басқара алмай қалған. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендердің барлығы дәрігерлердің жіті бақылауында. Жуырда ғана елдің Химачал-Прадеш штатында да жол апатынан 43 жолаушы көз жұмған еді. Айта кетейік, жолдың сапасыздығынан Үндістанда жыл сайын жол апатынан шамамен 150 адам жан тапсырады.

Хабар 24 телеарнасы