389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та пакетке ораулы жатқан бала табылды

  • 236
АҚШ-та пакетке ораулы жатқан бала табылды

Джорджия штатының полицейлері түнде орман арасынан полиэтилен пакетке ораулы жатқан баланы тапты.

Оқиға 6 маусымда Атланта қаласы маңынан 60 шақырым жерден болған. Алайда жергілікті билік бұл істі көпшілікке жариялауды құп көрмепті. Бұл кадрлар шерифтің формасына бекітілген камера арқылы түсірілген. Бейнежазбада полицейдің сары түсті пакеттің ішінде жылап жатқан баланы алып жатқаны көрінеді. Бұдан кейін ол нәрестені көрпеге орап, ауруханаға жеткізген. Қазір балақайдың жағдайы жақсы. Оған дәрігерлер мен Штаттың отбасы мен бала істері жөніндегі департамент қызметкерлері күтім жасауда. Ал билік өкілдері әлі де қыз баланың анасын іздестіріп жатыр екен.

Хабар 24 телеарнасы