389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда мыңдаған адам ішкі істер министрінің отставкаға кетуін талап етуде

  • 285
Грузияда мыңдаған адам ішкі істер министрінің отставкаға кетуін талап етуде

Грузия астанасында тағы да наразылық шеруі өтті.

Мыңдаған тұрғын Тбилисидің орталық көшелерімен жүріп, елдің ішкі істер министрі Георгий Гахарияның отставкаға кетуін талап етуде. Шерушілер халыққа күш қолданған министр қызметін жалғастыруға құқы жоқ деп ұрандатты.

Еске сала кетейік, Грузияда наразылық акциялары маусымның 20-сынан бері жалғасып келеді. Оған Ресей мемлекеттік думасының депутаты Сергей Гавриловтың парламентаралық кездесуде Грузия спикерінің орнына отырып сөз сөйлеуі себеп болды. Оппозиция мұндай әркетке наразылығын білдіріп, оның соңы тәртіпсіздіктерге ұласты. Өйткені ресейлік депутат бұған дейін Грузиядан бөлінген аймақтардың тәуелсіздігіне қолдау білдіріп келген.

Хабар 24 телеарнасы