384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы жаңа заң қабылданды

  • 162
  • UPD: 15:15, 02.07.2019
Өзбекстанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы жаңа заң қабылданды

Құжат екіжақты байланыстың негізгі міндеттері мен функияларын айқындап береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы биылғы жыл көрші елде «Белсенді кәсіпкерлік, инновациялық идеялар мен технологияларды қолдау жылы» деп жарияланған болатын. Соның негізінде ел аумағында шағын және орта кәсіп иелерінің саны артқан. Өзбекстан билігінің кәсіпкерлерге қолдау білдіруі шетел инвесторларының ішкі нарыққа көбірек қаржы салуына да негіз болып отыр. Көршілер биылғы жылы 3,5 миллиард доллар инвестиция тартпақ ниетте. Қазіргі уақытта Өзбекстанда Қазақстандық капиталдың қатысуымен 600-ге жуық бірлескен кәсіпорын бар.

Алишер Абдуалиев, ӨР Инвестиция және сыртқы сауда министрінің бірінші орынбасары:

- Осы қабылданған заң шеңберінде жасаған бірқатар жобаларымыз да бар. Ағылшын, түрік компаниялары ерекше қызығушылық танытып отыр. Корея да белсенді. Бір ай бұрын біз жаңа автокөлік зауытының құрылысын бастадық. Сондықтан Құдай қосқан көршілеріміз - қазақстандық бизнесмендерді біздің нарыққа қорықпай инвестиция салуға шақырамын. Өйткені Өзбекстан нарығында бірлесіп пайда таба аламыз.

Хабар 24 телеарнасы