389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ қауымдастық басшыларының кандидатураларын мақұлдады

  • 298
  • UPD: 19:43, 03.07.2019

Брюссельде Еуроодақтың жауапты лауазымдарына үміткерлерді сайлауға қатысты үшкүндік марафон аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одаққа мүше 28 елдің мемлекет басшылары кеңесі Еурокеңес төрағалығына Бельгия премьері Шарль Мишельді сайлады. Сонымен қатар саммитте Еуроодақтағы өзге 4 басқарушы қызметке кімнің үміткер болатыны да келісілді. Еурокомиссия басшысы қызметіне Германияның қорғаныс министрі Урсулу фон дер Ляйен ұсынылды. Егер оны Еуропарламент мақұлдар болса, онда тарихта тұңғыш рет Еуропалық комиссияны әйел адам басқарады. Сондай-ақ ЕО дипломатия басшысы қызметіне Испания сыртқы істер министрі және Еуропарламенттің бұрынғы төрағасы Жозеп Боррельдің кандидатурасы ұсынылды. Ал Еуропаның Орталық банкін Халықаралық валюта қорының өкімші-директоры Кристин Лагард басқаруы мүмкін. Енді осы кандидатуралар Еуропарламентте мақұлдануы тиіс. Өз кезегінде Еуропарламент бүгін Страстургтегі пленарлық сессияда өзінің жаңа президентін анықтайды. Содан соң жаңа президент бірден міндетіне кіріседі. Алдын ала мәліметтер бойынша алдағы 2,5 жылға бұл қызметке болгариялық Сергей Станишев келуі мүмкін. Бұдан соң 2024 жылдың қазанына дейін аталған лауазымға Германиялық Манфред Вебер ұсынылмақ. Ал Еуроодақтың басқа 4 басшысының мандаты 1 қарашадан бастап өз күшіне енеді.

Дональд Туск, Еурокеңес төрағасы:

- Біз Еуропарламенттің алғашқы сессиясы басталмай тұрып басшылық қызметке кімнің сайланатыны жөнінде келісімге келдік. 5 жыл бұрын бұл мәселені шешуге 3 ай уақыт кететін. Соның өзінде кей басшылар қарсылық танытушы еді. Ал биыл оған небәрі 3 күн арнадық. Және қабылданған шешімге ешкім қарсы болған жоқ. Тіпті Германия Еурокомиссия басшысын сайлауда дауыс беруден бас тартқанымен, канцлер Ангела Меркельдің өзі жалпы алғанда оны қолдап отыр. Бірінші кезекте, біз ең жауапты 4 қызметке екі әйел адам мен екі ер адамды таңдадық. Бұл мінсіз гендерлік теңдікті көрсетеді. Және сол үшін өте қуаныштымын.

Шарль Мишель, Бельгия Премьер-министрі:

- Еурокеңес төрағасы болып сайлануым мен үшін үлкен құрмет. Мен бар жауапкершілікті сезіне отырып, алдыма қойылған міндеттерді орындау үшін қолымнан келгенннің бәрін жасауға дайынмын. Бүгінде Еуропа көптеген сын-тегеурін алдында тұр. Бірақ мен оларды мүмкіндік ретінде де қарастырамын. Алдағы 5 жыл біздің Еуропалық жобамыз үшін өте маңызды кезең болмақ. Және сол үшін бірлігіміз бен ынтымақтастығымызды нығайтып, оны қорғау керектігіне сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы