389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда Ұлттық домбыра күніне орай концерт өтті

  • 362
  • UPD: 17:58, 07.07.2019

Франциядағы қазақ мәдени орталығының оқушылары Ұлттық домбыра күніне орай өздерінің алғашқы концертін ұйымдастырды.

Қазір бұл орталықта 15 адам оқиды. Олардың көбі Францияда тұратын қазақстандықтардың балалары. Алайда біздің мәдениетімізге қызығушылық танытып отырған париждіктер де бар. Жаңа оқу жылынан бастап домбыра үйренуді ниет еткендерге жаңа орын ашылмақ. "Отандастар қоры" арқылы жүзеге асатын мәдени жобаны отандық кәсіпкерлер де қолдап отыр.

Айгерім Ерсаинова, Қорқыт ата атындағы мәдени орталығының негізін салушы:

- Париждегі тұратын қазақтарға домбыра күні мейрамы өте маңызды өйткені біз балалармен домбыра және басқа да қазақ халық аспаптар қандай екен бар, түсіңдіреміз, және күйлер ойнатамыз, тақпақтар жаттаймыз, және өлеңдер жаттаймыз. Сол үшін біздің орталық үшін балаларға сондай домбыра күні өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы