383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада 51 заңсыз мигрант ұсталды

  • 87
Мексикада 51 заңсыз мигрант ұсталды utro.news

Мексика полициясы Сакатекас штатында 50-ден астам заңсыз мигрантты ұстады.

Тәртіп сақшылары АҚШ аумағына өтпек болған жүк көлігін арнайы рентген арқылы сканерлеген кезде тіркеменің ішінде адамдар отырғанын байқап қалды. Шекара қызметкерлері кірмелерді аймақтағы миграция бойынша ұлттық институтына жіберді.

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Мексика билігіне осы елден ағылған заңсыз мигранттар көші тоқтамаса, Мексика тауарларына салық саламыз деп сес көрсеткеннен кейін шекарадағы бақылау қатаңдатыла бастады. Енді жайлы өмірді арман еткендерге Құрама Шаттарының аумағына табан тіреу оңай соқпайтын болды.

Хабар 24 телеарнасы