383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливияда 800 мыңға жуық заңсыз мигрант қалып қойған

  • 115
  • UPD: 10:35, 10.07.2019
Ливияда 800 мыңға жуық заңсыз мигрант қалып қойған

Олардың басым бөлігі Африкадан шыққан азаматтар.

Қазір бұл мигранттар не елден шыға алмай, не Еуроодақтан баспана ала алмай әлек. Қоныс аударушылардың көбісі Еуропаға Жерорта теңізі арқылы жетпек болған. Алайда олар теңіз патрульдерінің қолына түсіп, уақытша қамау орталықтарына жіберілді. Құқық қорғаушылардың айтуынша, заңсыз мигранттар онда адам төзгісіз жағдайда өмір сүруде. Ал орталыққа түспегендер контрабандашыларға ұсталып, қара нарықта тірі тауар ретінде сатылуда.

Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын Ливия мен Италия заңсыз миграциямен бірлесе күресу туралы келісімге келген болатын. Рим африкалық елдің аумағынан ағылып жатқан мигранттар легін тоқтату үшін Триполиге миллиондаған еуро төлеген еді. Нәтижесінде Еуропа жағалауына жеткен мигранттар саны едәуір қысқарған болатын.

Хабар 24 телеарнасы