384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та Sotheby's аукционында спорттық аяқ киімдер сатылымға шығарылады

  • 133
АҚШ-та Sotheby's аукционында спорттық аяқ киімдер сатылымға шығарылады

Нью-Йорктегі Sotheby's аукционында осы жолы бағалы әшекейлер мен суреттердің орнына сирек кездесетін спорттық аяқ киімдер сатылымға шықты.

Алайда сауда онлайн түрінде жүреді. Аукционда Adidas, Air Jordan мен рэперші Канье Уэсттің аяқ киімдері ұсынылмақ. Ұйымдастырушылар шығарған 100 жұп аяқ киімнің кейбіреуін 100 мың доллардан да қымбат сатпақшы. Мысалы, топтамадағы Nike фирмасының 1972 жылы жеңіл атлеттерге арнап жасалынған Moon shoes аяқ киімдерінің құны 110-160 мың АҚШ долларынан басталады.

Ноа Вунш, электронды сатылым бөлімінің басшысы:

– Оны Билл Боуэрман өз қолымен жасаған. Боуэрман – Nike компаниясының негізін қалаған адамдардың бірі. Орегон штатында жаттықтырушы болып жұмыс істеді. Аяқ киімнің табанын фавель жабатын темір қалыппен жасап шығарған.

Хабар 24 телеарнасы