389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда әуе шабуылынан 22 адам қаза тапты

  • 219
  • UPD: 18:57, 14.07.2019

Сирияда қанды қырғын өршіп тұр. Аймақта жауласқан тараптардың әуе шабуылынан 22 адам көз жұмды.

Олардың арасында балалар да бар. Жергілікті билік зардап шеккендердің саны әлі де өсуі мүмкін деп отыр. Сәуір айында басталған операцияның салдарынан өңірде 2 мыңнан астам адам зардап шекті. 544-ге жуық бейбіт тұрғын қаза  тапты. Бұл туралы сириялық адам құқықтары мониторингі орталығы мәлімдеді. БҰҰ деректері бойынша операция басталғалы бері Идлибтен 300 мың адам қашқан. Жалпы өңірде үш миллион бейбіт тұрғын өмір сүреді. Оның бір миллионы бала.

Хабар 24 телеарнасы