389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяның кәсіпкерлері жапондық тауарлардың импортына қарсы шықты

  • 183
  • UPD: 18:01, 15.07.2019
Оңтүстік Кореяның кәсіпкерлері жапондық тауарлардың импортына қарсы шықты

Оңтүстік Кореяның кәсіпкерлері жапондық тауарлардың импортына қарсы шықты.

50-ге жуық адам Сеулдегі Жапония елшілігінің алдында наразылық шарасын ұйымдастырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шағын және орта кәсіп иелерінің пікірінше, Күншығыс елінің премьері Синдзо Абэ Оңтүстік Кореядан кешірім сұрауы тиіс. Себебі, бұған дейін Жапония жоғары технологияны дамытуға арналған шикізат экспортын кемітетінін жариялады.

 Атап айтқанда, Led-экрандар мен ұялы телефон өндірісіне қажет фторланған полиамидті, сондай-ақ өткізгіш сымдарды жасауда қолданылатын фторлы сутегіні енді аз мөлшерде эскпорттайды. Бұл өз кезегінде, Таңғы шық еліндегі өндіріске кесірін тигізеді. Қос тараптың өкілдері сауда мәселесін талқылау үшін жұма күні Токиода кездескен. Алайда, келіссөздер еш нәтиже бермеді.

Хабар 24 телеарнасы