386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Кореяда жергілікті заң шығарушы органдарға сайлау өтіп жатыр

  • 108
  • UPD: 11:50, 22.07.2019
Солтүстік Кореяда жергілікті заң шығарушы органдарға сайлау өтіп жатыр

Тұрғындар барлығы 28 мың халық депутатын таңдауы тиіс. Әрбір учаскеге алдын-ала партия таңдаған бір-бір кандидаттан бекітілген.

Азаматтар сол үміткерді таңдайды немесе қолдамай тастай алады. Дегенмен, өткен жылдардың статистикасына сай солтүстік кореялықтар партия таңдауын бір ауыздан қолдайды. Сондай-ақ сайлауға тұрғындардың 99,9 проценті түгелдей қатысады. Айта кетейік, жергілікті заң шығарушы органдарға сайлау әрбір төрт жыл сайын өтеді. Әрбір дауыс беру мерекеге, яғни жалпыхалықтық шеру және ән-биге ұласады.

Хабар 24 телеарнасы