386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Португалияда орман өртіне қатысты күдікті ұсталды

  • 188
  • UPD: 14:43, 22.07.2019
Португалияда орман өртіне қатысты күдікті ұсталды

Португалия полициясы ауқымды орман өртіне күдікті ер адамды тұтқындады.

Қызыл жалын сенбі күні кешкісін елдің солтүстік-шығысында тұтанған еді. Бүгінге дейін орманның 3 мың гектары отқа оранған. Салдарынан 20 адам зардап шеккен. Оның 8-і өрт сөндірушілер, 12-сі жергілікті тұрғындар. Бір елді мекеннің тұрғындары түгелімен эвакуацияланды. Өртті ауыздықтауға мыңнан аса өрт сөндірушілер, 240 көлік, 13 ұшақ тартылды. Синоптиктердің болжауынша, өңірде аптап ыстық ауа райы сақталып тұр. Сондықтан қауіптіліктің сары деңгейі енгізілді.

Хабар 24 телеарнасы