386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда қатарынан үш жарылыс болды

  • 160
Ауғанстанда қатарынан үш жарылыс болды

Ауғанстан астанасында үш жарылыс болып, 12 адам қаза тапты.

Алғашқы лаңкестікті бойына магниттік мина жасырған бір жанкешті содыр жасады. Ол Ауғанстанның Кен және мұнай министрлігінің қызметкерлері мінген автобустың алдында өзін жарып жіберді. Шабуылдан 5 адам өліп, 12 адам жарақат алды. Ал шаһардың өзге ауданында болған екінші жарылыстан 7 тұрғын қаза тауып, 20-дан астам адам жараланды. Үшінші жарылыстан жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. Шабуылдарды қандай лаңкестік ұйым жасағаны да белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы