386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нигерияда лаңкестер 65 адамды өлтіріп кетті

  • 129
  • UPD: 09:21, 29.07.2019
Нигерияда лаңкестер 65 адамды өлтіріп кетті Zakon.kz

Нигерияда «Боко харам» лаңкестері жерлеу рәсімі кезінде шабуыл жасап, 65 адамды жер жастандырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Борно штатының солтүстік-шығысында болған. Содырлар жерлеуден қайтып келе жатқан тұрғындардың алдынан шығып, оқ жаудырған. Қазір лаңкестер іздестіріліп жатыр.

Айта кетейік, «Боко харам» лаңкестік ұйымы Африканың батысындағы бірнеше мемлекетте 2009 жылдан бері ойран салып келеді. Нигерияның өзінде аталған лаңкестік топ мүшелерінің қолынан мыңдаған адам мерт болған. Және миллиондаған тұрғын қысым көріп, үй-жайын тастап босып кетті.

Хабар 24 телеарнасы