385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістандықтар толассыз жаңбыр мен су тасқынынан зардап шегуде

  • 112
  • UPD: 11:58, 29.07.2019
Үндістандықтар толассыз жаңбыр мен су тасқынынан зардап шегуде politros.com

Үндістанның солтүстік аймақтары толассыз жауын-шашын мен су тасқынынан зардап шегуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы мәліметке сай, адамдар табиғат апатынан үй шатырларында қорғануға мәжбүр. Осыған байланысты қазір тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру мен құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Соған қарамастан, оқыс оқиғалар да жиілеп кетті, 7 бала арыққа батып көз жұмған. Жазатайым оқиға су тасқынынан зардап шеккен Бихар штатындағы Дойла елді мекенінде тіркелді. Полиция дерегіне сай, қаза тапқан балалардың жасы 8-10 аралығында болған. Балақайлар жуыну үшін жол жиегіндегі жаңбыр суына толған арыққа барыпты. Бірақ олардың аяқтары тайып, түбіне балшық жиналған арықтан өз беттерінше шыға алмай қалған. Қазір көз жұмғандардың туыстары штат билігінен өтемақы талап етіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы