386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сібірдегі орман өртінің түтіні Моңғолияға жетті

  • 336
  • UPD: 14:37, 01.08.2019
Сібірдегі орман өртінің түтіні Моңғолияға жетті

Ресейдің Сібіріндегі орман өртінен шыққан түтін Моңғолияға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы елдің Төтенше жағдай жөніндегі агенттігінің хабарлауынша, ол Моңғолияның солтүстік аудандарын тұмшалап, Улан-Баторда да сезілген. Бірақ мамандар Ресейдегі өрттің ел аумағына таралу қауіпі жоқ екенін айтады.

Еске сала кетейік, Ресейдің Сібіріндегі 11 аймақта 2 аптадан бері орман өртеніп жатыр. Табиғатты қорғаушылар егер антициклон болса, қызыл жалын Мәскеуге жетеді дейді.

Хабар 24 телеарнасы