386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перудегі Сабанкая жанартауы оянды

  • 120
Перудегі Сабанкая жанартауы оянды Вулканы

Перудің оңтүстігінде Сабанкая жанартауы оянып, бірнеше сағат бойы атқылаған.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, одан шыққан от пен күл 4500 метр биіктікке дейін көтерілді. Жергілікті билік таудың маңындағы ауыл халқына төнген қауіп жайлы ескерту жасап, алдын ала сақтандыру шараларын қолға алуға кеңес берді. Ал апаттан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы