386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та газ құбырында жарылыс болды

  • 138
  • UPD: 14:24, 02.08.2019
АҚШ-та газ құбырында жарылыс болды

АҚШ-тың Кентукки штатындағы газ құбырында жарылыс болды.

Оқиғадан 1 адам жан тапсырды. Тағы 3 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Қазір олар дәрігерлердің жіті бақылауында. Қайғылы оқиға жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 01.30-да болды. Жарылыстан кейін артынша өрт шығып, қызыл жалын жақын маңда тұрған ғимаратқа тараған. Тілсіз жау 6 құрылысты өртеп жіберген. Қазір оқиға орнында құтқарушылар өз жұмыстарын жалғастырып жатыр. Мамандар жарылыстың себебін анықтау үшін тергеу ісін бастады.

Хабар 24 телеарнасы