385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ жаңа зымыран сынауды жоспарлап отыр

  • 151
  • UPD: 19:33, 04.08.2019
АҚШ жаңа зымыран сынауды жоспарлап отыр

Жақын және орта қашықтықтағы зымырандар келісімінен шыққан АҚШ тақауда жаңа қаруды сынақтан өткізуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы Блумберг агенттігі  хабарлады. 1987 жылғы шарт бойынша бұл зымыранды сынауға тыйым салынып келген. Мәліметке қарағанда Құрама Штаттар ядролық оқтұмсығы жоқ зымыранды сынауы ықтимал.

Еске сала кетейік, АҚШ пен Кеңес Одағы 1987 жылы жақын және орта қашықтықтағы зымырандар туралы келісімге қол қойған. Оған сәйкес, тараптар баллистикалық және жерден ұшырылатын қанатты зымырандарды жоюға уағдаласып, жаңа сынақтар өткізбеуге келіскен. Алайда АҚШ Ресей бұл құжатты бұзды деп тамыздың 2-сі күні одан шығып кетті. НАТО елдері Вашингтонның әрекетін толық қолдайтынын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы