386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та атыс ашқан қаскөй өлім жазасына кесілуі мүмкін

  • 123
  • UPD: 14:52, 05.08.2019
АҚШ-та атыс ашқан қаскөй өлім жазасына кесілуі мүмкін

АҚШ-тың Мексикаға шекаралас жатқан Эль-Пасо қаласындағы «Уолмарт» сауда орталығында атыс ашқан қаскөй өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Бұл туралы жергілікті телеарналар округтің прокуратурасына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Естеріңізге салайық, 3-тамызда болған қанды оқиғадан 20 адам қаза тапты. Олардың арасында екі бала бар. Тағы 26 тұрғын жарақат алды. Белгілі болғандай, адамдарға бей-берекет оқ жаудырған 21 жастағы Патрик Крузиус есімді жігіт болып шықты. Сондай-ақ қаскөйдің жақында әлеуметтік желіде биыл Жаңа Зеландиядағы мешітке жасалған шабуылды қолдап, мәлімдеме жасағаны анықталды. Тергеу ісі жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы