386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бішкекте жағдай тұрақты

  • 368
  • UPD: 09:33, 09.08.2019
Бішкекте жағдай тұрақты

Бішкек орталығындағы жағдай тынышталды. Қазір өңірдегі ахуал тәртіп сақшыларының бақылауында.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Экс-президент тұтқындалғаннан кейін  парламент ғимаратаның алдында бұрынғы президенттің мыңға жуық жақтасы ереуілге шықты. Наразылық шара тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Аймақта жарық-дыбыстық гранаталардың жарылғаны естілді. Ашуға бой бергендер Шу даңғылын жауып тастаған.

Естеріңізге салайық, 7 тамыз күні Қырғызстанның арнайы жасағы Алмазбек Атамбаевты ұстау бойынша арнайы операция бастаған болатын. Салдарынан арнайы жасақтың 1 сарбазы мерт болды, ал жарақат алғандардың саны 98-ге дейін жетті. Жергілікті билік жауапты органдарға елдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы