386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль үкіметі мемлекеттік бюджет шығындарын қысқартады

  • 120
  • UPD: 16:05, 10.08.2019

Әсіресе денсаулық сақтау саласы мен білім беру жүйесінің шығындары азаймақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған дәрігерлер наразы. «Үнемдеудің салдары сапаға кері әсер етеді», – дейді мамандар.

Үкімет жақында макроэкономикалық жетістіктер туралы баяндады. Онда билік жалпы ішкі өнім мен экспорттың өсімі, хай-тек саласының қарқынды дамуы және жұмыссыздықтың азайғанын ауыз толтырып айтты. Енді бюджетті қысқартуда. Сарапшылар бұл сайлау алдында халықтың дауысын жинау үшін жасалып жатқан шара екендігін айтады. 

Цви Зильбер, журналист:

– Олар бюджетті бір миллиард үш жүз миллион шекельге қысқартпақ. Сонда бұл қаражат қайда кетеді? Полицейлердің жалақысын арттырып, тәртіп сақшылары билік басындағы «Ликуд» партиясына өз дауыстарын беруі мүмкін. 

Тағы да бір жағымсыз жаңалық – бюджет тапшылығы. Ол 11 миллиард еуро төңірегінде болмақ. Бюджет шығындары осы себепті азайтылғалы отыр. Ең алдымен денсаулық саласын қаржыландыру қысқарады. Медицинаның ең қымбат саласы – онкологияға кететін шығынды үнемдемек. Ал дәрігерлер бұл қатерлі ісікке шалдыққан науқастар арасында өлім көрсеткішінің өсуіне әкеледі деп дабыл қағуда.

Цви Зильбер, журналист:

– Экономика – тез өзгеретін сала. Әлемдік нарық пен ұлттық экономика құбылмалы. Мұны алдын ала болжау мүмкін емес. Салдарынан бір жылдық бюджеттің өзін үнемі өзгертіп тұруға тура келеді. Ал екі жылдық бюджетте бәрін қарастыру тіпті қиын болмақ.

Денсаулық саласымен қатар білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру салаларын да қаржыландыру қысқарады. Бірақ үкімет қорғанысқа кететін шығынды азайтпақ емес. Мұны қауіпсіздік саласындағы күрделі жағдаймен түсіндіреді. Алайда мамандар әскери шығынды да азайтуға болатынын айтады.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы