387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Швейцарияда бірнеше күн жауған жауын су тасқынына ұласты

  • 142
  • UPD: 14:04, 13.08.2019
Швейцарияда бірнеше күн жауған жауын су тасқынына ұласты

Швейцарияның оңтүстік батысында бірнеше күн жауған жауын су тасқынына ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан аймақтағы өзен арнасынан тасып кеткен. Ал кей өңірлерде лай көшкіні жүріп, жолындағының бәрін басып өткен. Бір ер адам мен 6 жасар қыз баланың тағдыры беймәлім. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, олар отырған көлікті су шайып кеткен. Қазір ондаған құтқарушы жоғалғандарды іздестіріп жатыр. Жергілікті билік қауіпті аймақтардан барлық тас жолдарды жауып тастады.

Хабар 24 телеарнасы