385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Green Card алудың талаптарын қатаңдатты

  • 272
  • UPD: 14:09, 13.08.2019
АҚШ Green Card алудың талаптарын қатаңдатты

Енді АҚШ-та Green Card алу үшін талап қатаңдатылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған сәйкес елдің азаматтық және иммиграция қызметінің өкілдері рұқсат қағазын беру алдында өтініш берушінің білімін, отбасылық кірісі мен денсаулығын мұқият ескереді. Сонымен қатар өзге елден табан тіреген кірмелердің кәсіби шеберлігіне назар аударылады. Яғни, келімсектер мемлекет қамқорлығында болмайтынын дәлелдеуі тиіс. Бұл - заңды иммиграцияны шектеуге бағытталған шаралардың бірі. Енді билік өкілдері құжатты реформадан өткізбек ниетте. Жоспар бойынша жаңа заң жобасы қазан айының ортасында күшіне енеді.

Айта кетейік, АҚШ-та жыл сайын орта есеппен 544 мың адам грин-карта алуға өтініш білдіреді.

Хабар 24 телеарнасы