387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Джеймс Бондтың көлігі аукционда $6,4 млн-ға сатылды

  • 157
Джеймс Бондтың көлігі аукционда $6,4 млн-ға сатылды Известия

Әйгілі британдық тыңшы Джеймс Бондтың көлігі аукционда $6,4 млн-ға сатылды.

Осылайша, Монтерейдегі Sotheby's аукционы Aston Martin DB5 көлігі үшін жаңа рекорд орнатты. 1965 жылы шығарылған көлік 007 агентіне қажетті түрлі тыңшылық құралдармен жабдықталған. Оның ішінде құпия қару, оқ дарымайтын әйнек және тағы басқа қорғаныш заттары бар. Бірақ бұл көлік Джеймс Бонд туралы фильмдерде бой көрсетпеген. Тек АҚШ елінде Бонд туралы сериалды жарнамалау мақсатында қолданылыпты. Ал көліктің жаңа иесі белгісіз қалуды жөн көрген.

Хабар 24 телеарнасы