389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Меркельдің резиденциясында ашық есік күндері өтіп жатыр

  • 145
  • UPD: 16:34, 18.08.2019

Германия канцлері Ангела Меркельдің резиденциясында ашық есік күндері өтіп жатыр.

Демалыс күндері Германия үкіметінің басшысы қарапайым адамдарды өзі қарсы алып, канцлер резиденцисында экскурсия өткізеді. Қонақтар үкімет басшысы отыратын ғимараттың дәлізімен жүріп, өзге елдің басшыларымен кездесетін залдарын тамашалай алады. Келушілерге Меркельдің жеке көлігі мен шетел басшыларының сыйлаған бағалы заттар экспонаты да көрсетіледі. Олардың арасында алтын мүсіндер, ерекше кітаптар асыл бұйымдар бар. Айта кетейік, бұл заттар канцлердің жеке  өзінікі емес, мемлекет меншігі болып табылады. Ал шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, жылына 1 рет өтетін Ашық есік күндері Ангела Меркель резиденциясын 100 мыңнан астам адам келіп көреді екен.

Бригите, жергілікті тұрғын:

- Бұл ең әдемі әлі заманауи резиденция. Мұнда танымдық экскурсия өтеді. Мысалы, мен Ангела Меркельдің өзіне арнайы жасалған тікұшақ жайында білдім. Оны маған ұшқыштар айтып берді. Жалпы резиденцияның іші маған қатты ұнады.

Мари, жергілікті тұрғын:

- Біз канцлердің резиденциясын алғаш көріп тұрмыз. Керемет әсер алдым. Бұл шара өте жақсы бастама деп ойлаймын. Енді күйеуііміз екеуіміз экономика министрлігіенің ғимаратын барып көрмекпіз. Онда да ашық есік күндері жарияланған.

Хабар 24 телеарнасы