387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тбилисиде саябақ саны артады

  • 107
  • UPD: 11:25, 21.08.2019

Тбилиси билігі қала саябақтарын күрделі жөндеуден өткізіп, оларды тұрғындардың талап-тілегіне сай өзгертуді қолға алған.

Алдағы уақытта шаһардағы ірі парк саны арта түспек. Халық биліктің бұл бастамасына қолдауын білдіруде. 

Тбилисидегі парктер екіге бөлінеді: орталық және ауладағы шағын саябақтар болып. Қалада 10 ірі орталық парк бар. Олар шаһар мэриясының қарауында. Бірақ саябақтардың инфрақұрылымы мен тазалығына жекеменшік компаниялар жауапты. Ал шағын саябақтар деп әр тұрғын үй кешенінің ауласындағы бақтарды айтады.

Саба Пипия, Тбилиси қалалық экологиялық қызмет басшысының орынбасары:

- Өткен жылы біз сараптамалық жұмыс жүргізіп шаһардағы үлкен саябақтарды қайта жөндеу туралы шешім қабылдадық. Олардың кейбіреуі мәдени мұраға жатады. Бір саябақ күрделі жөндеуден өтіп, қаңтар айында ашылды. Бірнеше апта бұрын тағы бір парк іске қосылды. 

Қала билігі жасыл желекті аудандар жетіспейтіндігін түсініп, шаһарда тағы 2 парк ашуды жоспарлаған. Оларды салу келесі жылы басталады.  Қазір оларға апаратын жолдар жөнделіп жатыр.  

БЛИЦ:

1. Маған қаладағы Муштайд саябағы ұнайды. Онда балаларға арналған түрлі ойын алаңдары, әткеншектер бар. Бәрі таза.

2.Меніңше шаһардағы саябақтарды жиі тазалап ондағы аттракционның бағасын төмендету керек. Және де қалада баламен демалуға арналған орындарды көбейтсе деймін. 

Тбилиси әкімдігі жыл сайын көшет отырғызып, парктер мен көшелерді жасылдандыру үшін 5 миллионнан астам доллар жұмсайды. Және де шаһарды абаттандыруға бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. 

Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы