387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та ұшатын тәрелкелер сақталған аймаққа қауіп төнді

  • 213
  • UPD: 09:05, 24.08.2019

Невада штатының оңтүстігіндегі  Рэйчел қалашығының тұрғындары өздеріне жақын орналасқан «51 аймақтағы» құпия әскери базаға шабуыл жасалады» деп  дайындалып жатыр.

АҚШ үкіметі «51 аймақты» тек  2013 жылы ғана мойындаған. Ресми мәліметтер бойынша мұнда тәжірибелік ұшу аппараттары мен қару-жарақтар әзірленеді. Бірақ конспирологтар базада жерден тыс өркениеттер өкілдерінің денелері мен ұшатын табақтар сақталатынына сенімді. Құпиялықтан шаршаған Бейкерсфилд қаласының тұрғыны американдық Мэтти Робертс  Facebook-те «51 аймақты шабуылдайық - бізді тоқтата алмайды» деген атпен топ құрды. Олар 20 қыркүйек күні барлық құпияны ашу үшін базаға кіреміз дейді. Ал әскерилер болса мұның заңсыз екенін және қауіпті екенін айтып, ескерту жасады.

Хабар 24 телеарнасы