389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанның солтүстігінде жол-көлік апатынан 16 адам көз жұмды

  • 148
  • UPD: 15:02, 27.08.2019
Үндістанның солтүстігінде жол-көлік апатынан 16 адам көз жұмды zerkalo.az

Үндістанның Уттар-Прадеш ауданында жүк көлігі мен авторикша соқтығысып, кемінде 16 адам қаза тапты.

Бұл туралы The Times of India басылымы хабарлайды. Ондағы ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға Шахджаханпур округіндегі тас жолда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жылдамдықты асырған жүк көлігі жолаушыға лық толы рикша арбасына соқтығысқан.

Түрлі дене жарақатын алған 5 адам ауыр халде ауруханада жатыр.

Министр Уттар-Прадеша Йоги Адитьянатх қаза болғандардың отбасыларына өтемақы төленетінін айтты. 

Жалпы соңғы кездері Үндістанда жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Осыдан бірнеше күн бұрын  Дхуле округінде  жолаушылар автобусы мен жүк көлігінің соқтығысу салдарынан 13 адам мерт болған еді. 

Дереккөз: ТАСС

Хабар 24 телеарнасы