386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбия полициясы табыттың ішіне жасырылған 300 келі есірткіні тапты

  • 101
  • UPD: 13:58, 28.08.2019
Колумбия полициясы табыттың ішіне жасырылған 300 келі есірткіні тапты

Есірткімен айналысушы қылмыстық топтар мақсатына жету үшін не істемейді.

Колумбия полициясы табыттың ішіне жасырылған 300 келі есірткіні тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Сантандер аймағында болды. Полицейлер Памплона мен Кукута қаласына апаратын тасжолда бір көлікте 2 табытты көріп, тексереуді жөн көреді. Бірақ олардың бірінде өлі адамның денесін емес, марихуананы табады. Жүргізуші ұсталған. Қазір құпия жүкке қатысы барлар іздестіріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы