389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде әкімшілік ғимараттың қабырғасы құлап, 2 адам мерт болды

  • 236
  • UPD: 15:27, 28.08.2019
Ресейде әкімшілік ғимараттың қабырғасы құлап, 2 адам мерт болды iz.ru

Оқиға жергілікті уақытпен таңғы сағат 8:20 шамасында Ударная 1/1а мекенжайында тіркелді, деп хабарлайды iz.ru.

Қабырғасы опырылып түскен әкімшілік ғимаратта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқан. Апат аумағында 12 жұмысшы еңбек еткен.

Оқыс оқиға салдарынан түрлі дене жарақатын алған 2 адам дереу ауруханаға жеткізілді. Тағы екеуінің денесі үйінді астынан шығарылды. Өкінішке қарай, оларды аман алып қалу мүмкін болмады.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпаратты қала мэрі Анатолий Локоть растады.

Қабырғаның құлауына құрылыс кезінде жіберілген олқылықтар әсер еткен болуы мүмкін. 

Хабар 24 телеарнасы