417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдегі елдер Пхеньянға қатысты мәлімдеме жасады

  • 854
  • UPD: 23:58, 28.08.2019
Әлемдегі елдер Пхеньянға қатысты мәлімдеме жасады

Германия, Ұлыбритания және Франция БҰҰ-да Солтүстік Кореяға қатысты бірлескен мәлімдеме жасап, Пхеньянның зымыран ұшыруын сынға алды.

Еуропалық мемлекеттер Солтүстік Кореяның бұл әрекеті БҰҰ-ның қарарына қайшы деп, оның басшысы Ким Чен Ынды келіссөз жүргізуге шақырды. Сондай-ақ зымыран сынағы тоқтамайынша халықаралық санкция алынбайтынын жеткізді. Еске сала кетейік, Пхеньян өткен сенбі күні жақын қашықтықтағы баллистикалық зымыранды тағы сынақтан өткізген болатын.

Хабар 24 телеарнасы