387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың оңтүстік штаттары «Дориан» дауылына дайындалып жатыр

  • 177
  • UPD: 17:56, 01.09.2019
АҚШ-тың оңтүстік штаттары «Дориан» дауылына дайындалып жатыр

АҚШ-тың оңтүстігіндегі бірнеше штат «Дориан» дауылына дайындалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Флорида, Джорджия және Оңтүстік Каролинада төтенше жағдай жарияланды. Бұл штаттарда келесі аптада дүлей жел тұрады деп болжанып отыр. Қазір ол Кариб теңізі аймағынан сағатына 215 шақырым жылдамдықпен жылжып келеді. Мамандардың айтуынша, бұл соңғы 10 жылда Атлант мұхитынан соққан ең алапат дауыл болғалы тұр. Одан төнген қауіп IV дәрежеге жеткен. Осыған байланысты президент Дональд Трамп Польшаға сапарынан бас тартты.

Айта кетейік, бірер күн бұрын Багам аралдарының билігі де жағалауға жақын жатқан бірнеше өңірдің тұрғындарын эвакуациялаған еді. Дауыл бұл аралдарға бүгін жетуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы