387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль Ливанмен шекара маңындағы әскерінің дайындығын күшейтті

  • 162
  • UPD: 20:45, 01.09.2019
Израиль Ливанмен шекара маңындағы әскерінің дайындығын күшейтті

Оған «Хезболла» ұйымының басшысы Сайед Хасан Насралланың Израильдің дрондармен шабуылына қатысты мәлімдемесі себеп болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол өз жолдауында «Хезболла» бұл әрекетті жауапсыз қалдырмайтынын жеткізді. Осыдан кейін Израиль өзінің солтүстігіндегі әуе кеңістігін жапты.

Еске сала кетейік, 25 тамыз күні Ливан астанасының кеңістігіне 2 дрон кіріп, оның бірі көкте жарылған. Екіншісі «Хезболланың» ақпараттық орталығының маңына құлап, 3 адам жарақаттанған болатын. Ливан президенті Мишель Асун Израильдің бұл әрекетін қатаң сынаған еді.

Хабар 24 телеарнасы