386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кабулда жанкешті жарылыс жасап, 10 адам қаза тапты

  • 135
  • UPD: 08:13, 06.09.2019
Кабулда жанкешті жарылыс жасап, 10 адам қаза тапты REUTERS

Ауғанстан астанасы Кабулда жанкешті-террорист өзін өзі жарып жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 10 адам көз жұмды. Тағы 42 азамат жарақат алды. Бұған қоса, АҚШ елшілігінің ғимараты мен үкіметтік мекемелерге де зақым келді. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жарылысқа жауапкершілікті «Талибан» лаңкестік ұйымы өз мойнына алып отыр. Еске сала кетейік, 19 тамызда ел тәуелсіздігінің 100 жылдығы күні бірнеше жарылыс болып, одан 60 шақты азамат түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген болатын.

Хабар 24 телеарнасы