389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Француздар митинг ұйымдастырудан әлем бойынша көш бастап тұр

  • 231
  • UPD: 14:52, 10.09.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған митингтер туралы заңды жетілдіру қазақстандық қоғамға пайдасын әкеледі.

Франция сарапшылары осылай деп есептейді. Өйткені бұл мемлекетте манифестация дәстүрі жақсы дамыған. Алайда бейбіт шеру ұрыс-керіске ұласып жатқан жағдайлар да бар.

Франция астанасында тағы да манифестация. Бұл жолы экологтар Амазония ормандарын қорғауға арналған наразылық шеруін өткізіп жатыр. Жалпы француздар митинг ұйымдастырудан әлем бойынша көш бастап келеді. Жылына мұнда 3 мыңнан астам осы іспеттес шара өтеді.

Лора Флорез, шара ұйымдастырушысы:

– Амазониядағы өрт туралы бейнекадрлар интернетте кең тарап жатыр. Бұған француздар ғана емес, бүкіл әлем алаңдаушылығын білдіріп отыр, деп ойлаймын. Құрлықтың бір бөлігі отқа оранып, ондағы тіршілік етіп жүрген жан-жануарлардың жапа шегіп жатқаны қатты қынжылтады.

Бүгінде наразылық шараларының басы-қасында кәсіподақтар өкілдерін жиі кездестіруге болады. Франциядағы манифестация дәстүрін қалыптастырған да осылар.

Дидье Обе, кәсіподақтар бірлестігі хатшылығының мүшесі:

– Шешім қабылдайтын адамдар біздің жан-айқайымызға құлақ асса дейміз. Бірақ бұл ең басты мәселе емес. Маңыздысы - өзіміздің пікірімізді көпшілікке емін-еркін жеткізе білу. Міне, осындай шаралар арқылы біз ұсыныстарымызды, алаңдаушылығымызды жеткізе аламыз.

Бұл дәстүрдің келешекте жалғасуы екіталай, деп алаңдап отыр жергілікті қоғам қайраткерлері. Өйткені полиция наразылық білдірушілерді қатаң бақылауға алуға тырысып жатыр. Есесіне шерушілер бұған жауау бұлттай ашуланып, салдарынан бейбіт митинг ұрыс-керіске ұласып жатқан жайлар бар.

Авторлары: Алия Сыздыкова, Бекхан Тепсаев

Хабар 24 телеарнасы