389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вашингтон Усама бен Ладенның ұлының өлгенін растады

  • 178
  • UPD: 14:48, 15.09.2019
Вашингтон Усама бен Ладенның ұлының өлгенін растады

АҚШ арнайы тобы құпия операция барысында «Әл-Каида» лаңкестік ұйымын құрған Усама Бен Ладенның ұлы Хамза бин Ладеннің көзін жойды.

Бұл туралы президент Дональд Трамп жазбаша мәлімдеді. Ақпарға қарағанда лаңкестікке қарсы шара Ауғанстан мен Пәкістан шекарасына жақын жерде жүзеге асқан. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, операция 31 шілде күні жүзеге асырылған.

Айта кетейік, АҚШ Мемлекеттік департаменті 2017 жылы Хамза Бин Ладенді әлемдегі басты лаңкестердің бірі деп жариялаған болатын. Себебі, ол әкесінің өлімі үшін кек алатынын мәлімдеп, Батыс елдерінің астаналарында терактілер ұйымдастыруға шақырған.

Хабар 24 телеарнасы