389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сауд Арабиясында дрондар шабуылынан соң мұнай өңдеу көлемі екі есеге қысқарды

  • 225
  • UPD: 15:16, 15.09.2019
Сауд Арабиясында дрондар шабуылынан соң мұнай өңдеу көлемі екі есеге қысқарды

Сауд Арабиясындағы екі мұнай зауытына жасалған шабуылдан кейін қара алтынды өңдеу екі есеге қысқарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы елдің Энергетика министрлігінің мәлімдеуінше, оның көлемі күніне 5 миллион 700 мың баррельге дейін азайған.

Еске сала кетейк, кеше Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясының Абкайк пен Хурайс мұнай кен орындарындағы зауыттарды дрондармен шабуылдап, олар өртке оранған. Абкайктегі өнеркәсіп қара алтынды өңдейтін әлемдегі ең ірі зауыттың бірі болып саналады.

Хабар 24 телеарнасы