389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британияда спорт қаншалықты қолжетімді

  • 463
Британияда спорт қаншалықты қолжетімді

Ұлыбританиядағы балаларға арналған спорттық үйірмелер қолжетімді.

Оларды жергілікті мэрия қаржыландырады.

Сенбілік таң. Ватерлоо темір жол станциясы. Лондон балалары табиғатқа жақын болу әрі спортпен айналысу үшін қала сыртына бір күндік жорыққа жиналып жатыр. Қала әкімшілігінің шарасы - су тегін.

Сильвия Педретти, Global Generation білім беру қайырымдылық ұйымының өкілі:

– Бұл жобаға Лондон мэриясының гранты бөлінді және бағдарлама салауатты өмір салтын насихаттауға және ең қолайсыз қауымдастықтардың өмірін өзгертуге бағытталған.

Бұл – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған «Лифт» орталығы. Мұнда 30 орындық жаттығу залы, медиа және компьютер бөлмелері, конференц-залдар, ас үй және үлкен би студиясы бар. Сондай-ақ психологтан кеңес алып, жыныстық жолмен таратылатын ауруларға және адамның иммун тапшылығы вирусына тегін анализдер тапсыруға болады. Орталық аудандық мэриямен қаржыландырылады және оған кіру үшін күніне 5 фунт төлеу керек. Бұл – Лондон үшін өте қолжетімді баға.

Ұлыбританияда салықтардың көлемі өте жоғары. Азаматтар жергілікті қазынаға 20-дан 45 пайызға дейін табыс салығын төлейді. Сол қаражаттың есебінен әлеуметтік жобалар, соның ішінде спорттық үйірмелерге қолау көрсетіледі. Осылайша аз қамтылған отбасы балаларының түрлі спорттық бағдарламаларға қатысуларына мүмкіндіктері бар.

БЛИЦ:

– Мектептер балаларға көбірек мүмкіндік жасаулары керек. Оларды компьютер алдында отырғаннан көрі спортпен айналысуға ынталандырулары қажет. Мемлекет үйірмелерді қаржыландырулары тиіс.

– Менің әйелім мен қызым кіші ұлымды жүзу үйірмесіне апарады. Бірақ ол ақылы. Бұл дұрыс деп ойлаймын, өйткені спорт нысандары мен олардың қызметкерлері қаржылық қолдауды қажет етеді.

Шынымен де, үйірмелердің барлығы тегін емес. Мысалы, балаларға арналған футбол клубына айына теңгеге шаққан 15 мың төлеу керек. Егер сіз аз қамтылған отбасы ретінде әлеуметтік көмек алсаңыз, онда аудандық мэрия балаңызға тегін үйірмелер табуға көмектеседі.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы