389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентинада парламент төтенше жағдай режимін ұзартты

  • 198
Аргентинада парламент төтенше жағдай режимін ұзартты

Аргентина Конгресінің сенаты тамақ өнеркәсібі саласы бойынша елдегі төтенше жағдай режимін ұзартты.

Бұл бастама 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін енгізілген еді. Заң жобасына сай тамақ өнеркәсібі бағдарламаларына жұмсалатын мемлекеттік шығын 50 процентке көбейеді. Жоғары палаты бұл құжатты талқылап жатқанда, Конгрестің алдына наразы халық жиналды. Олар биліктен жағдайы төмен отбасыларға көмектесуді талап етті. Айта кетейік, соңғы жылдары Аргентинадағы инфляция 20 проценттен азқан. Салдарынан елдің экономикалық жағдайы нашарлады.

Хабар 24 телеарнасы