389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сауд Арабиясы Йемендегі хусит көтерілісшілерінің шебіне шабуылды бастады

  • 263
  • UPD: 14:29, 21.09.2019
Сауд Арабиясы Йемендегі хусит көтерілісшілерінің шебіне шабуылды бастады

Сауд Арабиясы бастаған коалиция Йемендегі хусит көтерілісшілерінің шебіне шабуылды бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның мақсаты – Ходейда қаласында орналасқан әскери нысандар. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, осыған байланысты бейбіт тұрғындарға қауіпті аймақтан кету қажеттігі ескертілді.

Еске сала кетейік, өткен демалыс күндері Сауд Арабиясының ұлттық мұнай компаниясының зауытына дрондармен шабуыл жасалған еді. Салдарынан қара алтынды өңдеу көлемі екі есеге қысқарып қалды. Қастандық әрекетті Йемендегі хуситтер жүзеге асырған. Алайда АҚШ шабуылды Иран жасады дейді. Өз кезегінде Иран тарапы мұны жоққа шығарып отыр.

Хабар 24 телеарнасы