389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конго Эбола дертіне қарсы жаңа вакцина қолданады

  • 176
  • UPD: 12:52, 23.09.2019
Конго Эбола дертіне қарсы жаңа вакцина қолданады

Конго демократиялық республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Эбола безгегіне қарсы екінші екпе қолдануды жоспарлап отыр. Ол өткен жылы пайдалануға берілген дәріні толықтыратын болады.

Бірінші екпемен осы уақытқа дейін 225 тұрғын егілген. Айта кетейік, Конго демократиялық республикасында өткен жылдан бері Эбола дерті өршіп тұр. Жұқпалы аурудан 13 айдың ішінде 2 мыңнан астам адам көз жұмған. Қауіпті дертке қарсы әлі дәрі табылмай келеді. Сондықтан онымен күресудің бірден бір жолы екпе ғана болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы